Қанат Бозымбаев президенттің кеңесшісі болды
Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.»Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген өкім мәтінінде.Бозымбаев 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін Алматы облысын басқарған болатын.
Қанат Бозымбаевтың өмірбаяны
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін бітірген.Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» ЖШС-де экономист болып бастады.1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.1998 – 2000 жылдар аралығында Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы қызметін атқарды.2000 жылы – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;2001 жылы «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, 2001-2007 жылдары «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті;2007 – 2008 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ басқарма төрағасы;2008 – 2009 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы;2009 – 2013 жылдар аралығында – Жамбыл облысының әкімі;2013 – 2016 жылдар аралығында – Павлодар облысының әкімі;2016 – 2019 жылдар аралығында – энергетика министрі;2019 жылы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін – президент көмекшісі;2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін – Алматы облысының әкімі болды.Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді