Оқиға
«Қазақмыс» қызметкері шахтада ауыр жарақат алып, көз жұмды
«Қазақмыс» компаниясының 39 жастағы қызметкері шахтада қаза тапты. Жазатайым оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды.»Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр», — делінген хабарламада.Бұған дейін «Қазақмыс» кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны хабарланған болатын. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар «Стакермен» бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында «Қазақмыс» тобының «Жыланды» кенішінде болды.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]