Қоғам

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да осындай ұсыныс түсті», — деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»