Инфографика
Қазақстанда демографиялық ахуал қандай
2023 жылы бірінші жартыжылдықта республикада 19 899 377 адам тұрды. Халықтың басым бөлігі — 61,9%-і қалада тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қалада адам көп тұратын облыстарға Қарағанды (81,4%), Ұлытау (79,2%) мен Ақтөбе (74,7%) кіреді. Ал Алматы (16,2%), Түркістан (24,6%) мен Жамбыл (43,3%) облыстарында қала халқы аз.Бірақ халықтың саны жағынан оңтүстік аймақтар – Алматы қаласы, Алматы мен Түркістан облыстары көш бастап тұр.Ал гендерлік сипатына қарай қазақстандықтардың 48,8 проценті – ер адамдар, 51, 2 проценті – әйелдер.Биыл Қазақстанда көш-қонның оң динамикасы тіркеліп отыр. Елге келген адамдардың саны көшіп кеткендерден басым.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]