Үкіметтің құрамы — 2023/2024
Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Жаңарған үкіметте қазір 26 адам бар. Министрлер кабинеті тоғыз жаңа есіммен толықты, қалғандары қызметін сақтап қалды. 50 жастағы Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті өз жұмысын жалғастырады. Ол 2022 жылдың 11 қаңтарында тағайындалған болатын.
Жаңа есімдер
Қайта құрылған экология және табиғи ресурстар министрлігін Ерлан Нысанбаев басқарды. Ол осы жылдың басында министр болып тағайындалған Зүлфия Сүлейменованың орнына келді.Ерлан Нысанбаев бұған дейін Астана әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.Экология министрлігі оның құрамынан су ресурстары және ирригация министрлігін бөліп, оған су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қызметтер мен өкілеттіктерді беру арқылы қайта құрылды. Жаңа министрлікті Нұржан Нұржігітов басқарды.Нұржігітов тағайындалғанға дейін Жамбыл облысының әкімі болды.»Бәйтерек» холдингінің бұрынғы басшысы Қанат Шарлапаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен бөлінген өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.Жаңа ведомствоға индустрия және индустриалды даму; өнеркәсіп; тау-кен-металлургия кешені; машина жасау; ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімдердің қауіпсіздігі; арнайы тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; арнайы экономикалық аймақтарды құру, пайдалану және тарату; минералдық-шикізат базасын арттыру секілді салалардағы өкілеттіктер берілді.Қанат Шарлапаевтың банк саласында 17 жылдық тәжірибесі бар.Теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатындағы теңіздегі жүзулер; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметi саласындағы; аэронавигация және әуежай қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежай қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары салаларындағы функциялар мен өкілеттіктер көлік министрлігіне берілді.Жаңа министрлікті Марат Қарабаев басқарды. Ол бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды. Жаңа ведомствоны Аида Балаева басқарады.Бұған дейін Балаева президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын.Мәдениет және спорт министрлігі туризм және спорт министрлігіне айналды. Министр болып Ермек Маржықпаев тағайындалды.58 жастағы Маржықпаев тағайындалғанға дейін тәжірибесі ең көп облыс әкімі болды.Сауда және интеграция министрлігіне сол ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған Арман Шаққалиев жетекшілік етеді.Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың орнына оның орынбасары Ержан Сәденов тағайындалды. Ал экс-министр Ақмола облысына әкім болып кетті. Бұған дейін ҚР президенті жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Айдарбек Сапаров келді.Сапаров 2019 жылы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болды, 2022 жылдың желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалды. Тоғыз министр өз орнын сақтап қалды. Министрлер кабинетінде болған Асхат Оралов пен Зүлфия Сүлейменова әзірге тағайындаусыз қызметтен босатылды. Олар отставкаға кеткеннен кейін үкіметтің орташа жасы 50,5 жасты құрайды.Жасы ең үлкен министр – Ерлан Нысанбаев. Ол 62 жаста. Ең жас министр – 36 жастағы Марат Қарабаев.