Сұхбат

Үш ережені ұстану керек: маман көздің көру қабілетін сақтауға байланысты кеңес берді

Үш ережені ұстану керек: маман көздің көру қабілетін сақтауға байланысты кеңес берді

Адамның көру қабілетінің нашарлауына компьютер, смартфоннан түсетін көк сәуледен бұрын техникаға жақын отырып жұмыс істеу көбірек әсер етеді. Алысқа қарамау арқылы көзді «жұмыс істетпеген» соң, оның бұлшық еті қатып қалады. Алысқа бірден қараған сәтте бұлшық ет босаңсып үлермейді, содан көз алдымыздағы зат бұлыңғыр тартады.

Офтальмолог Бауыржан Кенжебек Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында көз аурулары неден пайда болатынын, оның емдеу жолдары жайлы айтты.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurОфтальмолог Бауыржан КенжебекОфтальмолог Бауыржан Кенжебек© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

— Қазір гаджет, смартфон ғасыры. Соған байланысты жұмыстың барлығы жақын қашықтықта болғандықтан, екінің бірінің көру қабілеті төмендеп жатыр. Ол смартфон, компьютердегі сәуледен емес, қашықтықтан туындаған. Біз неғұрлым көп жұмыс істесек, көзге күш соғұрлым көп түседі. Көз ішіндегі бұлшық ет жоғары деңгейде жұмыс істейді де, жиырылып қалады. Содан кейін алысқа қараған кезде көздің бұлшық еті бірден босаңсып үлгермейді, алыстағы заттар бұлыңғыр болып көрінеді. Демек, қаншалықты көз жақын қашықтықта жұмыс істесе, соғұрлым зиян.

Жұмыстың қажеттілігіне байланысты компьютер қолданамыз, ал ол жақын қашықтықта отырып жұмыс істеуді талап етеді. Сол жағынан компьютердің зиянын жоққа шығара алмаймыз. Бір орында отырудың зияны бар: адам жүрген кезде бірде алысқа, бірде жақынға қарайды. Көздің көру нашарлауына байланысты «жалған минус», «шынайы минус» деген термин бар. Бір орында қозғалыссыз отыратын адамның көру қабілеті «жалған минустан» «шынайы минусқа» ауысады. Бұл әркімде әртүрлі уақытқа созылады. Бір адамда бір жылда «шынайы минусқа» өтсе, енді біреуде 10 жылдан кейін байқалуы мүмкін.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurАдамның көру мүшесінің құрылымыАдамның көру мүшесінің құрылымы© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

— Екеуі де көздің жақын қашықтықта жұмыс істеуін талап етеді. Кітапта сәуле жоқ. Ал копьютерден бөлінетін сәуле болғанымен, оның көру өткірлігіне зияны жоқ. Оның әсері жас кезде білінбейді, 60 жастан асқан соң әсер етеді. Көздегі зат алмасу құбылыстарының бұзуына алып келеді. Компьютерден бөлінетін жылу көзді құрғатып тастайды. Ол құрғақ көз синдромына алып келуі мүмкін.

— Өзгермейтін 45/15 заңдылығы бар. Яғни бір сағаттың 45 минутында жұмыс істеп, 15 минут көзді демалдыру қажет. Одан бөлек сәуледен қорғайтын көзілдіріктер шықты. Оның қазір екі түрі бар:бірі барлық сәулені өткізбейді, екіншісі тек көзге қажетті сәулені өткізеді.

— Бала кезден көзілдірікті жайдан-жай тақпайтыны белгілі. Балаларда көп жағдайда «плюс» кездеседі. Мұндай жағдайда көзілдірік патологияны емдеудің негізгі жолы. Дәрумен, дәріден бөлек бұл – көздің патологиясын емдейтін негізгі әдіс.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurКөзілдіріктерКөзілдіріктер© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

— Организмдегі кез келген бұлшық етке жаттығу жасаса, қан айналым жақсарады. Бұл жаттығуларды жасауға болады. Ауру не сау көз болса да, жаттығу жасаған пайдасын тигізбесе, зиян келтірмейді. Алдын алу шарасы ретінде, патологияға қарсы да жасауға болады. Бірақ оны күнделікті жасау қажет.

— Мұндай кеңес жаңылмасам 80-90 жылдары пайда болды. Мектеп кезінде компьютердің жанында кактустың тұратыны есімізде. Ал қазір оны ешкім қоймайды. Бұл жай ғана миф. Ол компьютерден шығатын радиацияны өзіне тартып ала алмайды. Ол өзін осыған сендіру деп есептеймін. Өзін-өзі иландыру бұл салада да өте күшті әсер етеді. Менің тәжірибемде әлі мұндай жағдай кездеспеді.

— Көзді емдеуде қолданылатын үш нәрсе бар: дәрумен, дәрі, көзілдірік. Бұл кешенді ем саналады. Қызыл, сары түсті жеміс пен өсімдік көбірек жеген пайдалы. Оған сәбіз де, апельсин де кіреді. Одан бөлек көзге арналған дәрумендер бар. Оларды дәріханадан оңай табуға болады. Дей тұрғанмен, дәрігермен кеңескен артық болмайды. Себебі дәрі көп, сапасы да әртүрлі. Ал көзге тамызатын тамшыларды дәрігердің ұсынымы арқылы ғана алу керек. Ол құрамына қарай қатаң түрде рецепт арқылы беріледі.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurКөздің көру қабілетін тексеретін құрылғыКөздің көру қабілетін тексеретін құрылғы© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

— Егер көзге қатысты ешқандай шағым болмаса, яғни, сау болса, жылына бір рет тексерту жеткілікті. Бұл профилактика ретінде жүргізіледі. Ал егер көздің көруінде қандай да ақауы болса, әр дәрігер тексеруден өті мерзімін өзі шешеді. Себебі көз ауруының түрі көп, адамның да жағдайы әртүрлі. Көз ауруы басқа аурулар сияқты сан түрлі. Қазіргі ең көп тарағаны – көру өткірлігінің аномалиясы. Қарапайым сөзбен айтқанда жақыннан не алыстан көрмеу. Соңғы екі жылда науқастар саны күрт көбейді. Оған карантин шараларының әсері бар. Балалар қашықтан оқып, телефон не компьютерді пайдаланды. Қызметкерлерлер де онлайн жұмыс істеп, көзге күш салып жатыр.

— Иә, бұл бағыт жақсы дамып келе жатыр. Қазір жанаспалы линза, лазерлік түзеу секілді түрі көп. Адам көру қабілетінде қиындық туындаған кезде бірден дәрігерге келсе, ол процесті тоқтатуға соғұрлым мүмкіндік көп. Аталған ем-домның қайсы болмасын пациентке минустың не плюстың орнын толтырады. Лазерлік түзеу кез келген «минус» кезінде жасала береді. Бұл бағытта жұмыс істейтін арнайы мамандар бар.

— Алдымен,компьютер мен телефонды пайдаланғанда, кітап оқығанда көз бен зат арасында қашықтық сақталуы керек. Адам мен заттың арасы 40 сантиметр болғаны жөн. Екіншісі, 45/15 ережесі. 45 минут бойы жақын қашықтыққа жұмыс істеп, 15 минут алысқа қарау керек. Бұл бұлшық еттің теңгерімсіздігі болмауы үшін жасалады. Үшінші ереже – жақсы тамақтану, таза ауада көбірек қыдыру. Жылына бір рет көз дәрігеріне қаралу.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»