ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Қырғызстанда жалғасады
4-8 қазан аралығында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен бірлескен «Мызғымас бауырластық-2023» оқу-жаттығуына қатысатын әскерилер Қырғызстанда қайта жиналады, деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.Оқу-жаттығудың белсенді кезеңі «Эдельвейс» полигонының аумағында 9-13 қазан аралығында өтеді.© пресс-служба ОДКБМызғымас бауырластық-2023Мызғымас бауырластық-2023© пресс-служба ОДКБОқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында бейбітшілікті сақтау операциясы кезінде ҰҚШҰ басқару органдарының лауазымды тұлғалары мен бітімгерлік бөлімшелері жеке құрамының тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.© пресс-служба ОДКБМызғымас бауырластық-2023Мызғымас бауырластық-2023© пресс-служба ОДКББиік таулы аймақтағы оқу-жаттығу кезінде әскерилер қақтығыстан кейінгі реттеу міндеттері, яғни, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып бітімгерлік операциясын жүргізу және гуманитарлық көмек көрсетуге машықтанады.