Ұлттық банк төрағасы теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық инвесторлармен кездесуде соңғы екі аптада теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді.Айтуынша, бірнеше фактор бір мезетте қосарланған. Олар:доллардың жаһандық деңгейде күшеюі (дамыған елдердің валюталар қоржынына қатысты доллар индексі қыркүйекте 2,5%-ға өсті);импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім;үкіметтің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы туралы норманы қолдануды тоқтатуы.»Осы факторлардың жиынтығы теңге бағамының қысқамерзімді әлсіреуіне әкелді. Маңызды факторлар тұрғысынан алып қарағанда, мұнай бағасының өсімі мен төлем балансының жалпы жағдайы тұрақтандырушы әсерге ие болып, ұзақ мерзімде теңгеге қолдау көрсетеді», — деп мәлімдеді Ұлттық банктегілер.28 қыркүйекте доллардың ресми бағамы 482,77 теңгені құрады.