Сингапур отбасыларға әр балаға 25 млн теңге бөледі
Сингапур билігі әр балаға 17 жасқа дейін шамамен 70 мың сингапур долларын (шамамен 25,4 млн теңге) жұмсауды жоспарлап отыр, бұл отбасылардың шығындарын азайтуға және туу көрсеткішін ынталандыруға бағытталған.
Сингапур балалы отбасыларға қаржылық қолдауды арттыруды шешті. Ел билігі ата-аналардың бала тәрбиесіне жұмсайтын шығындарын азайтып, отбасылардың өмірін жайлы етуді көздеп отыр.
Әр балаға 17 жасқа дейін мемлекет шамамен 70 мың сингапур долларын бөлуді жоспарлап отыр, бұл шамамен 25,4 млн теңгеге тең.
Мұндай қадамның негізгі себептері туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуі және ел халқының тез қартаюы болып отыр.
