Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған ЖИ-сервис іске қосылды
Ұлттық экономика және цифрлық даму министрліктері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімінің ЖИ негізіндегі пилоттық жобасын іске қосты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Жасанды интеллектке негізделген сервис кәсіпкерлерге олардың қызметіне қойылатын талаптар туралы өзекті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді, нормативтік құжаттарды іздеу мен талдау уақытын қысқартады.
Пилоттық жоба сынақ режимінде жұмыс істейтін болады, одан кейін оны бүкіл елге тарату жоспарлануда.
