Қазақша

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры 1982 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры елдің Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес 1982 жылғы қарашадан бері ең төменгі деңгейге дейін қысқарды.

Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) деректері бойынша, өткен аптада АҚШ-тың стратегиялық резервіндегі мұнай қоры 5,1 млн баррельге азайып, 434,1 млн баррельді құрады. Бұл 1982 жылғы қарашадан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қорлардың азаюы бірнеше апта қатарынан жалғасуда. Алдыңғы есепті кезеңде де резерв 5,1 млн баррельге қысқарған болатын.

Стратегиялық резерв 1975 жылы мұнай эмбаргосынан кейін құрылған. Соңғы жылдары АҚШ үкіметі оны отын бағасының өсуін тежеу үшін белсенді пайдаланды.

Сарапшылар қорлардың қазіргі деңгейі АҚШ-тың жаңа баға шоктары кезінде нарыққа араласу мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін екенін атап өтуде.

Орысша нұсқасы