Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 2025 жылы $1,1 млрд-тан асты
Қазақстандық компаниялар 2025 жылдың қорытындысы бойынша шетелге $1,142 млрд сомасына IT-қызметтер сатты, ал 2019 жылы экспорт $30 млн болған.
Қазақстаннан IT-қызметтер экспортының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша $1,142 млрд жетті. Салыстыру үшін: 2019 жылы бұл көрсеткіш $30 млн болған.
Бұл деректерді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жеті жылдағы өзгерістер шолуында келтірді.
IT-экспорттың жалпы сомасының $633 млн Astana Hub резиденттеріне тиесілі болды.
