Астанадағы HackAlem AI хакатоны Гиннесстің рекордтар кітабына енді
Астанада жасанды интеллект саласындағы HackAlem AI халықаралық хакатоны әлемдік рекорд орнатты: технологиялық жобалармен бір уақытта 2 415 адам жұмыс істеді.
Жасанды интеллект саласына арналған HackAlem AI халықаралық хакатоны Астанада өтіп, Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы мемлекеттік дереккөз хабарлады.
Технологиялық жобаларды әзірлеуге бір уақытта 2 415 адам қатысты. Осылайша Үндістанда тіркелген алдыңғы әлемдік рекорд жаңартылды.
Арасында жастар болған байқау қатысушылары энергетикадан білім беру мен саудаға дейінгі түрлі бағыттарда жобалар әзірледі.
