Ferrari-дің алғашқы электромобилі аукционда $40 млн-ға сатылды
Ferrari-дің электрлік суперкары аукционда сатылған ең қымбат жаңа автомобиль рекордын орнатты. Бағасы $40 млн болды.
Ferrari-дің алғашқы электрлік автомобилі аукционда $40 млн-ға сатылды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Сатылған дана аукционда сатылған ең қымбат жаңа автомобиль ретінде рекорд орнатты.
Мәміле сомасы лоттың бағалау құнынан айтарлықтай асып түсті, аукцион үйінің мәліметінше, ол шамамен $10 млн құраған.
Сатып алушы анонимді болуды жөн көрді. Автомобиль әлемдегі ірі аукцион үйлерінің бірінің қолдауымен ұйымдастырылған қайырымдылық аукционында сатылды.
