АҚШ мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асты
АҚШ-тың жиынтық мемлекеттік қарызы тарихта алғаш рет 40 триллион доллардан асты, деп хабарлады елдің Қаржы министрлігі.
Американдық Қаржыминінің деректері бойынша, өткен аптаның соңында мемлекеттік қарыз көлемі 40,01 триллион долларды құрады. Бұл бақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Қарыз өсімі соңғы жылдары жеделдеді: 2022 жылы ол шамамен 30 триллионды, ал 2024 жылы 35 триллионды құрады. Өсімнің негізгі факторлары бюджет тапшылығы мен қарызға қызмет көрсету шығындары болды.
Сарапшылар қарыздың одан әрі өсуі әлемдік қаржы нарықтарына қысымды күшейтіп, доллар бағамына әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді. Алайда нақты салдары Федералдық резервтік жүйенің саясаты мен экономикалық динамикаға байланысты.
АҚШ билігі қарыз өсімін тежеу бойынша нақты шараларды әлі жариялаған жоқ. Бұл мәселе кезекті бюджет тыңдаулары қарсаңында талқылау тақырыбына айналады деп күтілуде.
