Жеңіске тағзым

Алматылық оқушының Момышұлы туралы еңбегі халықаралық байқауда үздік деп танылды

Алматылық оқушының Момышұлы туралы еңбегі халықаралық байқауда үздік деп танылды

Россотрудничествоның «Победа – одна на всех!» халықаралық байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Әлемнің 11 елінен қатысқан 35 жеңімпаздың арасында қазақстандық оқушы Сергей Казанцев те бар. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Байқауға 14 мемлекеттің – Қазақстанның, Абхазияның, Әзербайжанның, Беларусьтің, Арменияның, Қырғызстанның, Молдованың, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Өзбекстанның, Украинаның, Оңтүстік Осетияның, сондай-ақ Италия мен Францияның 14-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

«Жоба 300 шетелдік мектептің тоғыз мыңға тарта қатысушысын қамтыды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Біз Ресей мен шетел мемлекеттердің ортақ тарихын зерделеуге бағытталған мұндай жобалардың оқушылардың қызығушылығын тудыратынына тағы да көз жеткіздік», – деді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Россотрудничество басшысының орынбасары Михаил Брюханов.

Өз кезегінде Россотрудничествоның басшысы Евгений Примаков әлемнің көптеген елінен келген жастардың үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өздерінің туған ауылдары мен қалаларында болған оқиғаларға қатысты мыңдаған фактіні жаңғыртты.

«Бұл әр қатысушының тарихи жадыны сақтауға қосқан баға жетпес үлесі», – деп есептейді ол.

Оқушы Бауыржан Момышұлы туралы бейнеролик әзірледі

35 жеңімпаздың біреуі – қазақстандық оқушы. Оның есімі – Сергей Казанцев. Он бес жасар алматылық «Достар» халықаралық мектеп-лицейінің сегізінші сыныбында оқиды. Акция кураторы, оқытушы-тәлімгер Наталья Лановенконың айтуынша, Сергей орасан жұмыс атқарған. Ол Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат жинап, зерттеу еңбегін әзірлеген.

Оқушыға мектеп әкімшілігі мен «Достар» халықаралық мектеп-лицейінің мұғалімдері – сурет пәнінен сабақ беретін Людмила Гринь мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, акция кураторы Наталья Лановенко қолдау көрсетті. Мысалы, сурет пәнінен сабақ беретін Людмила Гринь қашықтан оқыту режимі кезінде оқушылармен бірлесіп, Ұлы Отан соғысына қатысты суреттер дайындады.

«2020 жылдың қаңтарында мектебіміз «Панфилов с нами» халықаралық акциясына қатысты, Сережаға генерал Панфиловтың, панфиловшыл-жерлестеріміздің ерлігі қатты әсер етті. Сергей «Панфилов с нами» халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылған байқаудың шарттарын көрген кезде Кеңес Одағының Батыры, жазушы, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының өмірбаянын зерттегісі келді», – деп дейді Наталья Лановенко.

Сергей Казанцев 2020 жылдың мамырында сыныптастары алдында Момышұлы туралы зерттеу еңбегінің таныстырылымын жасайды.

Ол өз баяндамамасын бейнеролик түрінде әзірлеген, оған деректі фильмдердің фрагменттерін қосып, музыкамен әрлеген. 

Наталья Лановенконың айтуынша, Сергей математика пәнінен өтетін олимпиадаларда, шахмат турнирлерінде, зияткерлік байқауларда және мәнерлеп оқу жарыстарында жеңіске жетіп жүрген үлгілі оқушы.

Батырлар ерлігі ұмытылмайды

Сергей Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген отандасымыздың ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсеткенін, қазір батырларға ескерткіштер орнатылып, олардың есімдері көшелерге берілгенін жазады. Өйткені, «олар біздің тамырымыз, біздің мақтанышымыз» деп есептейді оқушы.

Ол Бауыржан Момышұлының тұлғасы мен тағдыры қатты қызықтырғанын, қазақ батырының Мәскеу түбіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі сонау 1941 жылдары аңызға айналғанын, бұл туралы әйгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Волоколамское шоссе» повесінде жазылғанын айтады.

Сергей Казанцев кейінгі жас буын сұрапыл соғыс жылдары Отанын қорғаған батырлардың ерен ерлігін әрқашан есінде сақтайтынын атап өтті.

«Победа – одна на всех!» байқауы

Мектеп оқушыларына арналған «Победа – одна на всех!» халықаралық байқауы Ресей мен шет елдер халықтарының ортақ тарихи қаһармандарын анықтауға арналған ақпараттық-ағартушылық жоба. Ол жастардың бойында батырлардың ерлік істерінің үлгісін қалыптастыруға және елінің тарихы мен Ұлы Отан соғысының ұмытылмас оқиғаларын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. 

© Photo : предоставлены учителем-куратором Натальей ЛановенкоСергей Казанцев, Достар халықаралық мектеп-лицейдің оқушысыСергей Казанцев, Достар халықаралық мектеп-лицейдің оқушысы© Photo : предоставлены учителем-куратором Натальей Лановенко

Байқауға қатысушылар 1941-1945 жылдары майданда шайқасқа түскен, тылда жұмыс істеген, ұлты мен дініне қарамастан, неміс-фашист басқыншыларын жеңудің ортақ үлгісін көрсеткен жандар туралы мәліметтерді іздеді.

«Победа – одна на всех!» жобасын Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, Россотрудничество мен «Сделаем вместе!» қозғалысы бірлесіп ұйымдастырды.  2019 жылы өткізілген «Наши герои» халықаралық байқауы Ресей мен көршілес елдер халықтарының ортақ тарихын зерттеуге арналған болатын.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»