Елорда тынысы

Астанада 3 мыңға жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Астанада 3 мыңға жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталды. Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.»Мен қаламыздың келбеті күннен күнге құлпырып келе жатқанына қуанамын. Ол бір стандартқа айналып келеді, маңдайшалар алынып тасталады, бұл біздің үйді ғана емес, қаланы да құлпырта түседі», – деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.»Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаланың сырт келбеті ретке келтірілуде. Өте дұрыс деп санаймын», – деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.Айта кетері, аудандық әкімдіктер түсіндіру және заңсыз әрі дизайн-кодқа сәйкес келмейтін жарнаманы алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізіп жатыр. Кәсіпкерлермен сөйлесіп, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттігі туралы буклеттер береді.Бұған дейін президент Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.Астанада салық төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тәркіленіп жатыр

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»