Елорда тынысы

Астанада 4 мыңға жуық ағаш отырғызылды

Астанада 4 мыңға жуық ағаш отырғызылды

Астанада экологиялық айлық басталғалы бері барлығы 4 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өтті. Сенбілік кезінде 300-ге жуық жасыл желек отырғызылды. Оған мыңнан астам адам, оның ішінде Конституциялық сот қызметкерлері, бизнес, қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Тазартылған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, 75 бірлік тиеу техникасы және 36 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.»Экологиялық айлық басталғалы бері сенбіліктерде барлығы 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды», — делінген хабарламада.Елорданың ҚТҚ полигонына 1700 тоннадан астам қоқыс шығарылған.Астанада мемлекеттік балабақшалар қайта салына бастайды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»