Астаналықтар үй жануарларын тегін чиптеп, тіркей алады
Астана тұрғындары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, үй жануарларын tanba жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.Астаналықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» бойынша тегін чиптей алады. Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО). +7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27. дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.»Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет», — деп атап өтті әкімдік.Сонымен қатар, Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады.