Спoрт
Азия ойындарында Қазақстан Олимпиаданың екінші лицензиясын жеңіп алды
Санаулы сәттер бұрын Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бессайыстан сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Ұлттық құрама спортшысы финалда 10-орынға тұрақтады. Ереже бойынша үздік бестікке кірген мемлекет жолдамаға иелік етеді. Георгий 10-шы болғанымен ол Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдың бірнеше спортшысына есе жіберді. Бұл елден тек бір ғана адам лицензия алды. Тағы Қазақстан мен Таиланд спортшыларына бір-бір жолдама берілді.Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі: Кирилл Стадник 13-орын, Павел Ляшенко 16-орын, Темірлан Абдраимов 17-орын. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 4-сатыда.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]