Қоғам
Бас прокуратура 1 млрд теңге жымқырған қазақстандықты Түркиядан экстрадициялады
Бас прокуратура ішкі істер министрлігімен бірлесіп, сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркиядан қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.»Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды, соның ішінде аурухана салуға арналған», — деп мәлімдеді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.Қазақстандық осы қылмысы үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]