«Жасанды интеллект: суретші немесе машина?»: Алматыда ерекше көрме ашылды
Көрмеге қойылған жұмыстар толығымен нейрондық желі арқылы жасалған, деп жазды iapn.kz. Толығырақ суреттерден көруге болады.© Photo : Тахир Сасыков
Таңғажайып топтамада ғаламның әртүрлі аспектілерін қамтитын 10 санат бойынша 120-дан астам жұмыс бар.
"Көрменің идеясы беларусьтік серіктестерімізге тиесілі. Мені бұл ой қатты қызықтырды. Содан біз көрмені өз елімізде өткізуді ұйғардық. Ол Қазақстанға бейімделген. Картиналарда біздің атақты сәулет нысандары, табиғат және мифологиялық кейіпкерлер бейнеленген", — дейді көрме ұйымдастырушысы Жанар Короткова.
1/10© Photo : Тахир Сасыков

© Photo : Тахир Сасыков
Короткованың айтуынша, көрме нейрондық желіні жаңа жұмыс құралы деп есептейтін жасанды интеллектіні қолдайтындар үшін де, жасанды интеллект адамзатқа төнген қауіп екеніне сенімді оның қарсыластары үшін де қызықты болады.
"Бұл жерде Жаратушымен бәсекелестік жоқ, менің ойымша, бұл, керісінше, ортақ процесс. Қарапайым адамдар көптеген жағдайда жасанды интеллектіні жеке машина ретінде елестетеді. Бірақ нейрондық желі нені пайдаланады? Ол адамдардың білімін кәдеге жаратады. Оған адам баласы ғана өзінің жинақтаған тәжірибесін дерек ретінде енгізеді. Жаратушының рұқсатынсыз шын мәнінде ештеңе болмайтындықтан, оған бұл процесс қажет болуы мүмкін", — деп жауап берді скептиктерге жобаны ұйымдастырушы.
2/10© Photo : Тахир Сасыков

Көрме интерактивті болғандықтан, экспозиция кіреберістен-ақ адамды баурап алады. Яғни, келушілер картиналарды тамашалап қана қоймай, олармен байланыса алады.
"Бізде тірілетін бетперделер бар. Егер QR-кодты сканерлеп, телефонды жұлдыз жорамал белгілерінің суретіне бағыттасаңыз, олар қозғала бастайды. Ал фантазия секторында нейро-футурологиялық сәулет стилі тақырыбында QR-кодтың көмегімен әр киіз үйдің ішіне енуге болады", – дейді Жанар Короткова.
3/10© Photo : Тахир Сасыков

Айта кету керек, жасанды интеллект ұсынған кейіптегі қазақстандық архитектуралық ерекше нысандар әдеттегіден өзгеше болғанымен, көзге таныс көрінеді.
"Менің ойымша, бұл ғимаратта әрбір келуші Вознесенский соборын көреді. Мүмкін, болашақта діни нысандардағы архитектуралық бейне өзгеріп, осындай ғибадатханалар пайда болады. Ал киіз үйлерге келетін болсақ, мұнда біз параметрлерді белгіледік, нейрондық желі өз көрінісіндегі сипатты ұсынды. Мысалы, бізде орыс көшпелі киіз үй бар. Оның сырты хохломамен, ал іші петроглифтермен кескінделген", — дейді көрме ұйымдастырушысы.
4/10© Photo : Тахир Сасыков

Ең әсерлі бөлімдердің бірі – қазақ мифологиясы және фольклорының кейіпкерлері ұсынылған сектор. Келушілер мұндағы жалмауыз кемпір, ұлы жаратушы Тәңірі және Алдар Көсені оңай таниды.
"Осы кейіпкерлерді құрастыру кезінде біз күтпеген жерден қиындықтарға тап болдық. Өйткені жасанды интеллект қытай және корей ұлттарының бет-әлпетін бейнеледі. Содан кейін біз туыстарымыздың, қазақ жұлдыздарының және қарапайым адамдардың суреттерін нейрондық желіге үлкен көлемде жүктедік. Содан кейін ғана біздің батырларымыз бен фольклор кейіпкерлерінің бейнесі шыға бастады", — дейді Жанар Короткова.
5/10© Photo : Тахир Сасыков

Пейзажды ұнататындар Қазақстанның табиғи көрікті жерлерін бейнелейтін картиналардан ләззат алатыны сөзсіз.
"Біз өзіміздің көрнекті орындарымызды бейнелеп қана қоймай, оларды атақты суретшілер салғандай бейнелеуді тапсырдық. Мысалы, Шарын каньонын Густав Климт қалай бейнелер еді немесе Клод Моне Қайыңдыны қалай суреттер еді немесе Ван Гог біздің иен даламызды қалай салар еді", — деп түсіндірді жобаны ұйымдастырушы.
6/10© Photo : Тахир Сасыков

Экспозицияда өткен шақтың кескіні, әлеуметтік желі портреттері, шифрланған идиомалар және тағы басқа секторлар бар.
"Әйгілі философтар мен жазушыларды біздің замандастарымыз сияқты бейнелейтін композиция өте қызық. Өйткені Кант пен Аристотель біздің заманда өмір сүрсе, қандай болатынын көрудің өзі қызық емес пе?", — дейді Жанар Короткова.
7/10© Photo : Тахир Сасыков

Көрмеде шынайы қазақ авторларының туындылары да қойылған. Олардың туындылары негізгі көрмені үйлесімді толықтырады. "Жобаның атауында сұрақ бар – суретші немесе машина? Сондықтан біз суретшілерге опен-колл жарияладық. Жалғыз шарт – шығармалар тақырыпқа сай болуы керек еді. Әзірге бізде мұндай картиналар аз, бірақ жақында көбейеді деп үміттенеміз", — дейді ұйымдастырушы.
8/10© Photo : Тахир Сасыков

Жобаның кульминациясы – "Цифрлық эволюция" иммерсивті фильмі. Ол идеялар әлемі мен материя әлемін бейнелі түрде қайта ұғынуды, даму мен эволюция туралы еркін көркем ойды білдіреді.
"Бір сәтте физикалық қажеттіліктері қанағаттандырылған адамың Құдайдың одақтасы немесе оның бәсекелесі болуға тырысатын ойшыл адамға ауысу көрсетіледі. Біз қазір әлемді физикалық дене емес, ақпарат басқаратынын түсінеміз. Егер стоп-кадрды жасап, жүгіртпе жолдарға мұқият қарасаңыз, бұл жай әріптер емес, Құран, Інжіл, Таурат, Трипитака және басқа да қасиетті кітаптардан алынған үзінділер екенін көруге болады", — деп түсіндіреді Жанар Короткова.
Ұйымдастырушылар жоба үшін арнайы әзірлеген мультимедиялық зал фильмнің атмосферасына енуге көмектеседі. Сондай-ақ олар келушілерді көрмемен қызықты түрде таныстыратын тақырыпқа сай квест дайындады.
9/10© Photo : Тахир Сасыков

Көрме 30 қарашаға дейін Алматыда өтеді, одан кейін Астанаға, одан әрі Шымкентке жол тартады.
10/10© Photo : Тахир Сасыков