Жеңіске тағзым

Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа жоба басталды: кім қатыса алады?

Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа жоба басталды: кім қатыса алады?

. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңістің 75 жылдығына арналған «Атлас памяти» деген жаңа онлайн-жобаны іске қосты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Россотрудничество басшылығы көпшілікке тарату мақсатында ескерткіштер каталогын шығаруды жоспарлар отыр. Каталог баспа және электронды түрде шығады. Жоба монументалды мұраны дәріптеуге және қазақстандықтар мен ел қонақтарын ақпараттандыруға бағытталған.

24-31 тамыз аралығында әлеуметтік желі арқылы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары мен оқиғаларының құрметіне Қазақстан қалаларында орнатылған ескерткіштерге арналып жазылған мәтін мен фотоматериалдар жиналды. Бір апта ішінде еліміздің 20-ға жуық қаласынан материалдар келді.

«Мысалы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушылары Николай Артемасов пен Никита Гетмановтың арқасында 1985 жылы Степногорск қаласында ашылған сәулетші Лоуренс Баласовтың «Жеңіс монументі» туралы білдік. Елизавета Максимова Теміртаудағы «Белгісіз солдат ескерткіші» туралы білуге көмектесті. Осындай жағдайлар көбірек кездесіп жатыр», — деді жоба үйлестірушісі Ольга Скальчук.

Жобаға қалай қатысуға болады

Жобаға қатысып, өз қалаңыздағы ескерткіш туралы айтқыңыз келсе, Россотрудничество сайтында жарияланған ережеге сәйкес ескерткіштердің авторлық фотосуреттері мен оған сипаттама жазып жіберу қажет.

Қазір «Атлас памяти» бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жиналған материалдың бір бөлігі pobedakz.com сайтында көрсетілуде. Бұл порталды Россотрудничество өкілдігі «Ұлы Отан: ХХІ ғасырдағы көзқарас» жобасы аясында арнайы құрды.

Сталинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлер

Сонымен қатар «Сталинград үшін шайқастағы қазақстандық жауынгерлер» жобасы бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. «Сталинград шайқасы» (Волгоград) мұражай-қорығының қорынан көрме мамырда қазақстандық көрермен үшін арнайы дайындалған болатын. Оған Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы диалог» халықаралық жобасы аясында Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі бастамашы болды.

Оның экспозициясы да pobedakz.com сайтында бар және жаңа материалдармен толықтыру жалғасып жатыр.

Сталинград шайқасына қатысқан туыстары мен жақындары туралы айтқысы келетіндер материалды (мәтін, фотосурет, құжаттардың сканерленген көшірмесін) kaz.rs.gov@gmail.com поштасына жібере алады және олар да виртуалды экспозицияға қосылады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»