Қоғам

Журналистерге жасалған шабуыл: Клебановтың соты жабық өтеді

Журналистерге жасалған шабуыл: Клебановтың соты жабық өтеді

Жәбірленушілердің өтінішімен журналистерге шабуыл жасау ісі бойынша Аркадий Клебановқа қатысты сот жабық өтеді, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.20 қыркүйекте Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Клебановқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы тергеушінің қаулысын қарау бойынша кезекті сот отырысы өтті.Бірқатар жәбірленуші сот отырысын жабық өткізу туралы өтініш білдірген.

"Сот аталған тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермеу қажеттілігін ескеріп, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес, аталған өтінішхатты қанағаттандырды. Одан әрі сот отырысы жабық өтеді", — делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандық журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталған болатын. ІІМ қылмыстық істің басты фигуранттарының бірі Аркадий Клебанов Алматыда тұтқындалғанын мәлімдеді.Күдіктіге Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы (115-бап — «Қауіп-қатер», 147-бап — «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу», 158-бап — «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202-бап — «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бап — «Бұзақылық») бойынша айып тағылды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»