Сұхбат

«Мен өз ісіме жауап бере аламын»: ең жас депутат Мәди Ахметовпен сұхбат

"Мен өз ісіме жауап бере аламын": ең жас депутат Мәди Ахметовпен сұхбат

26 жастағы Мәди Ахметов – парламенттегі ең жас депутат. Былтыр ғана мәжіліске сайланған халық қалаулысы парламенттегі жұмысы, әлеуметтік желідегі хейтерлері, достары мен жеке өмірі жайлы айтып берді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз. Мен Қазақ ұлттық университетінде төрт жыл журналистика мамандығында оқыдым. Одан кейін магистратураға «саясаттану» мамандығына оқуға түстім. Сол кездері Алматы қаласында қоғамдық қызметтерге белсене араласа жүріп, екі-үш университетте жұмыс істедім.Қазір кімді түртіп қарасаңыз да, барлығы өз мамандығымен жұмыс істеп жүр деп айту қиын. Бірақ, менің ойымша, журналистика – әмбебап мамандық. Сонымен қатар барлық гуманитарлық саланың бір жиынтығы ретінде көрінетін шығар. Өйткені билік пен қоғам ортасында байланыс орнатады. Әлі де кеш емес деген ойдамын. Алдағы уақытта осы кейіпке еніп көру ойымда бар. Сондықтан бұл келешекте орындалатын мақсаттардың, өзім жоспарлаған жобалардың бірі.Иә, бірақ қазір емес. Жоспарлап жүрмін.Мәжіліске келгеніме бір жылдан астам уақыт өтті, әзірге ондай бірде-бір жағдай болған жоқ. Мен ол жерге өзімді көрсету үшін немесе менің жобамды қаржыландыр деп өтініш айтуға бармаймын ғой.Мені Алматы қаласынан сайлағандықтан, көбіне сол жаққа жібереді. Бірақ мен өзім басқа өңірлерді де аралаймын. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында болдым. Онда оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы бойынша 47 үй салынған екен. Сол үйдің біршамасы өте сапасыз, адам тұра алмайды. Біз аудан әкімін, жергілікті атқамінер азаматтарды шақырып, осы мәселені көтердік. Кейін тағы хат жазып, үйлерге жылу кіргізіп, төбесін жапқыздық. Ара-тұра есеп сұратып отырамыз.Мысалы, Шымкент қаласына барған кезде Асар-2 ықшам ауданының тұрғындары спорт алаңы мен демалыс орнын салып беруді сұрады. Біз халықтың өтінішін жергілікті мәслихатқа, әкімдікке жеткізіп, бүгін, міне нәтижесін көріп жатырмыз.Бұл жерде мен сіздерге өтірік айтып немесе өзімді күшті етіп көрсеткелі тұрған жоқпын. Бірақ ондай жағдай әлі кездеспеді. Егер кездесіп жатса, сіздерге айтамын.Қай салада болмасын, әрбір басшы өз жаңашылдығымен, өз идеясымен, жақсы жобаларымен келеді. Сондықтан бір басшыны қаралап, екіншісін мақтау – дұрыс емес. Бұл менің азамат ретіндегі позициям. Әркімнің өзіндік стилі, өзіндік жоспары, мемлекет басшысы алдына қойған міндеті бар. Әркім оны өз деңгейінде атқарды, атқарып жатыр, атқара береді де деген ойдамын. Ең бастысы, заң шығарушы билік органы болғандықтан, осы жұмысты үзіп алмай, тұрақты түрде әрі қарай жалғастыру.Өздеріңіз білесіздер, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылып жатыр. Алғаш рет мәжіліс қабырғасында қаңтар оқиғасына байланысты үлкен тыңдау өткізілді. Бұл да жаңашылдықтардың бірі.Жұмыс азайған жоқ. Кеше ғана палата төрағасы президентке кіріп шықты. Ол жерден тапсырмалар берілді. Енді қазір, менің ойымша, халықпен тығыз байланыс орнату, елді мекендерді жиірек аралау, өзекті проблемаларды шешу бойынша жұмыс көбейе түседі.© Sputnik / Абзал КалиевМәжіліс депутаты Мәди АхметовМәжіліс депутаты Мәди Ахметов© Sputnik / Абзал КалиевМенің отбасым – әке-шешем, әжем, іні-қарындастарым Алматыда тұрады. Ал астана – іскер адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің орталығы ғой. Сондықтан жақындарымнан қол үзіп қалғаным рас, мектепте, университетте бірге оқыған достарым да сол жақта. Оның үстіне астананың суығы, басқасы бар, былайша айтқанда бейімделу кезеңі болды. Мұндай жағдай кез келген адамда болады деп ойлаймын. Бірақ сол процестердің бәрінен өттім.Қазір негізгі мақсат – қызмет. Көрінбейтін жұмыс. Көбісі «не істеп жатыр» деп ойлайды. Парламент қабырғасында заңмен жұмыс істегендіктен, көзге көрінбейтін тұстар көп. Өңірлерге барғанда әлеуметтік желіде белсенді болып, депутаттық сауал арқылы проблема көтеріп, өз жұмысымызды көрсетуге тырысамыз.Ал жалпы мен үшін, ең біріншіден, жауапкершілік артты.Иә, қасіретті қаңтар оқиғасы бәрімізге ауыр тигені рас. Мен Жаңа жылды әжеммен бірге Алматы қаласында қарсы алған едім. Содан кейін бізге жұмыс басталады, үші күні елордада болу керек деген нұсқау берілді. Бәріміз билет алып, сол күндері осы жақта болдық.Қаңтар оқиғасы басталғанда мен Нұр-Сұлтан қаласында болдым. Бірақ қолдан келер шара жоқ, интернет бір қосылып, бір өшеді. Әйтеуір туысқандарға, дос-жаранға хабарласып, амандығын біліп отырдық.Өздеріңіз жақсы білесіздер, елде төтенше жағдай енгізіліп, блокбекеттер қойылды. Сол кезде Amanat партиясының жастар қанаты блокбекеттегі әскерлерге көмек көрсету үшін волонтерлік топ құрды. Үйде отырғаннан еш пайда жоқ деп сол топқа мен де қосылдым. Елордалық мектептердің мұғалімдері және медицина қызметкерлері өз асханасында ыстық бәліш, нан пісіріп, әскерилерге таратты.Біз қару ұстап шыға алмаймыз, сондықтан осылай қол ұшын созып, кішігірім көмегімізді тигізуге тырыстық.Көпке топырақ шашудың қажеті жоқ шығар. Мен бүкіл әріптесім үшін жауап бере алмаймын. Бірақ сол күндері өз басым телеарналардан қазақша да, орысша да болған жағдайды түсіндіріп, халыққа жеткізген бір топ депутатты білемін.Иә, келісемін, бір сәтте сондай вакуум туындап қалды. Не болып қалғанын білмей қалдық. Абдырап қалдық. Бірақ сол межеден өткен соң, біздің әріптестеріміз БАҚ, әлеуметтік желі арқылы жағдайды түсіндіріп, жіктеп, сынға да, сұрақтарға да жауап беріп отырды.Қаңтар оқиғасына саусақпен көрсетіп, мына адам кінәлі деп айту қиын. Әрбір салада жүрген азамат өз деңгейінде Қазақстанның дамуына, қалыптасуына жауапты. Сондықтан кінә бәрімізден. Қаншама депутат, мемлекеттік органдар, БАҚ, әртүрлі ұйымдар жылдар бойы жұмыс жасап келе жатыр. Иә, сын айтылды. Бірақ сол сынмен бірге жұмыстар да атқарылды. Барлығын жоққа шығарып тастауға тағы болмайды.Қазір Жаңа Қазақстан, қоғам жаңарды деп жатырмыз. Енді соның барлығын сөз жүзінде қалдырып қоймай, іске асыру керек. Қаңтар оқиғасынан кейін бізге тағы бір жаңа мүмкіндік беріліп тұр. Соның барлығын тиісті деңгейде орындап, созбалаңға салмай, халыққа жаңа форматта түсіндіру қажет.Мәселен, бізде «Дипломмен – ауылға», «Серпін» немесе оңтүстіктен солтүстікке көшіру, «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бар. Қағаз бойынша бәрі дұрыс, тиянақты жазылған. Алайда орындауға келгенде ақсаңдап қалып жатады, жүзеге аспайды. Осыдан барып билікке деген сенімсіздік, жемқорлық, алдап-арбау пайда болады.Елімізде 17 өңірдің 6-ында ғана әкімдік жанында жастармен жұмыс істейтін басқарма бар. Олар жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Өкінішке қарай, қалған аймақта ол жабылып қалған, қосылып кеткен. Жастар мемлекеттік бағдарламалар жайлы білмейді.Бұл мемлекеттік саясаттың ішіндегі құралдардың дұрыс болмауы. Мен қаңтар оқиғасынан кейін осы мәселені көтердім. Жастардың жалпы санының 40%-тен астамын құрайтын ауыл жастары жайлы депутаттық сауал жолдадым. Соның ішінде осы мәселенің бәрін жіктеп шықтым. Өкінішке қарай, еліміздегі әрбір төртінші азамат мемлекеттік жастар саясатындағы бағдарламалардан бейхабар. Қыруар ақша бөлініп, жағдай жасалып жатыр. Бірақ, ешкім естімейді, білмейді. Сайттарда түсініксіз тілмен жазылған. Сол себепті біз бұл мәселе бойынша өз ұсыныстарымызды бердік.Қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген жақсы сөз бар. Сіздің сұрағыңызға жауап осы мақалда жатыр деп ойлаймын.Құдайға шүкір, елім бар, жерім бар, тілім бар. Сондықтан мен қандай жағдай болмасын осы елде қаламын, жұмыс істеймін. Қызметте болсам да, болмасам да, өз Отаныма, ел мүддесі үшін қызмет етуге дайын екенімді жеткізгім келеді.Әлеуметтік желі – адамның өз пікірін, өз ойын жеткізетін алаң. Оны ешкім жауып тастай алмайды, ешкім ауызға қақпақ бола алмайды. Әркімнің өз пікірі өзінде, бірақ менің өз пікірім бар. Мен өз жұмысымды адал атқарып келе жатырмын. Ешқандай жаман ойым, заңсыз әрекетім жоқ. Әйтеуір, он адамға, жүз адамға немесе бір кішігірім ауылға көмегім тисе, бүкіл уақытымды, күш-жігерімді конструктивті түрде соған жұмсағым келеді.Енді қазір әлеуметтік желінің заманы. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Айтылады, жазылады, бірақ мен жасап жатқан ісіме жауап бере аламын деп ойлаймын.Дұрыс айтылған жүйелі сынды мен әрдайым қабылдаймын. Соны айтқан адаммен байланысқа шығуға да, жұмыс жасауға да дайынмын.Қазір әлеуметтік желіні қарап шықсаңыз болады. Ашық тұр, ішінде түрлі пікір бар, жазылып жатады. Әрқайсысына кіріп, жауап беруге тырысамын. Бірақ кейде адами тұрғыдан асып кететін, анайы, ұятсыз сөздермен жазылған нәрселерді, әрине, алып тастауға мәжбүр боласың. Өйткені басқа азаматтар көреді, оқиды. Мәдениет деген болуы керек қой.

Бұл видеоны көру үшін JavaScript қосыңыз және HTML5 видеоны көрсететін веб-браузерді жаңарту мүмкіндігін қарастырыңыз

© Sputnik . Нұргүл Абай, Абзал ҚалиевАнайы жазып, қоймаған адамдарды, иә. Оны жасырмаймын.Ұсыныс айтылды. Бірақ оның орындалып-орындалмауы болашақтың еншісінде. Қазір біз Жаңа Қазақстанға қадам бастық. Сондықтан да менің жеке позициям да, көзқарасым да дәл осындай.Мен сізге шынымды айтайын, достарымның бәрі мені қолдады. Мен олардың қолдауын сездім. Бір адамның қолдауы болса да, үлкен күш-жігер беретінін мен сол сәтте түсіндім.Нұр-Сұлтанда болғаннан кейін достармен жиі араласуға мүмкіндік туа бермейді. Бірақ Алматыға жол түскенде міндетті түрде жора-жолдастарыммен кездесемін.Бұл мандат не? Бүгін бар, ертең жоқ. Ең алдымен, адамдық, азаматтық ұстанымдар қалуы керек. Сондықтан «Ойбай, депутат болып кеттім» деп, кеудемді көтеріп, менсінбей жүруден аулақпыз.Осы сәтті пайдалана отырып, мен өзімді қолдаған барша жанға, әсіресе отбасыма шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Бәріміз адам баласымыз, бәріміз пендеміз, бәрімізге жылы сөз, қолдау қажет. Құдайға шүкір, қолдау болды, қазір де бар.Асып-тасып бара жатқан дүние жоқ. Таңертең жетіде ұйқыдан оянамын, сегіз жарымда жұмыста боламын. Кейде таңғы тоғыздан жеті-сегізге дейін жұмыста отырамын. Үйім он минуттық жерде, жұмыстан жаяу қайтамын. Кешке таман таза ауада серуендеп барып, үйге кіргенді ұнатамын. Содан кейін әлеуметтік желіні бір шолып өтемін. Міндетті түрде ата-анама телефон шалып, хал-жағдайын білемін. Сол күнделікті тіршілік.Сүйікті ісім – жаяу жүру, музыка тыңдау, кітап оқу.Жалпы мен отбасыма, жақындарыма қатысты ақпаратты жариялағым келмейді. Жасыратын еш нәрсе жоқ, ата-анам – зейнеткер, жалғыз інім бар. Бірақ құрылмаған отбасыма байланысты бір нәрсе айтудың ешқандай мәні жоқ деп ойлаймын. Ол азаматша бар.Ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»