Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
Әскери қызметшілер Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды.
«Бүгінгі күні қарулы күштердің әскери қызметшілері мен республикалық әскери мектеп тәрбиеленушілері – болашақ Отан қорғаушылар үшін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы отанға деген батылдық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Біз ұлы батырлардың мұрагерлері олардың даңқты дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастырамыз деген сенімдемін», – деді орғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.
© Photo : Минобороны КазахстанаАрмия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден оздыАрмия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды© Photo : Минобороны Казахстана
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Алексеевка ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол алғашқы Түркістан пулемет әскери училищесін, М.Фрунзе атындағы әскери академияны, КСРО қарулы күштері бас штабының әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.
1942 жылы әскер қатарына шақырылды, 1945 жылдың мамыр айына дейін соғыс даласында пулемет взводы командирі ретінде, содан кейін пулемет ротасын, атқыштар батальонын басқарды. Краснодар өлкесін, Украина, Молдавияны, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысқан.
1945-1946 жылдары Степной әскери округінің жоғары оқу орындары бөлімінің инспекторы болды. Содан кейін әскери академияда оқыды. 1950 жылдан 1984 жылға дейін Түркістан әскери округі жедел бөлімінің аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, 201-ші мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары болды.
1990-1992 жылдары соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, ардагерлер, мүгедектер және әскери қызметшілер істері жөніндегі ҚР жоғарғы кеңесі комитетінің төрағасы, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болды.
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрыла бастаған жылдары, 1992-1995 жылдар аралығында Сағадат Нұрмағамбетов қорғаныс министрі болды. Дәл осы уақытта Қазақстан армиясында маңызды реформалар қабылданған, маңызды кез болды. 1993 жылдың мамыр айында оған «армия генералы» әскери атағы берілді. Бір жылдан кейін президент жарлығымен Нұрмағамбетовке «Алтын жұлдыз» сыйлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.
1995 жылдың қарашасында генерал отставкаға шықты, содан кейін президент кеңесшісі болып, бірнеше рет Жоғарғы кеңестің депутаты болып сайланды.
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды.