Қоғам

Нашар жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізуші мемлекеттен ақша өндіре ала ма

Нашар жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізуші мемлекеттен ақша өндіре ала ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған адам сот арқылы мемлекеттен өтемақы өндіре ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Әрине. Егер апатқа жолдың сапасы себеп болғаны, соның кесірінен жүргізушінің апаттың алдын алуға мүмкіндігі болмағаны дәлелденсе, ол талап-арыз беруге құқылы. Бүгінде бізде мұндай фактілер бар. Жүргізушілер көлігі мен мүлкіне келтірілген зақым үшін өтемақы алады», — деді Қожаев үкіметте өткен брифингте журналистердің сұрағына жауап беріп.Бұған дейін Қожаев бес өңірде жол апаттарының саны азаймай тұрғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы.Жол апаты неден болады – ІІМ себебін атады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»