Ресей мен Беларусь президенттері Тоқаевқа көңіл айтты
Қарағанды облысында шахтадағы апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей мен Беларусь президенттері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.»Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы апаттың қайғылы салдарына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз», — деді Ресей президенті Владимир Путин.Беларусь президенті Александр Лукашенко да Тоқаевқа көңіл айтты.»Белорустер бүкіл қазақ халқымен бірге аза тұтып, олардың басынан өтіп жатқан қасірет пен орны толмас қайғыны бөліседі», — деді Беларусь президенті.Еске салсақ, Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апат болып, соңғы мәлімет бойынша 28 кеншінің мәйіті табылды.»АрселорМиттал Теміртау» біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев