Сырқат бала хоккей таяғымен адам айтса нанғысыз трюктер жасады – видео
Дәрігерлер бала мүгедектер арбасына таңылуы мүмкін екенін айтып, ауыр диагноз қойған. Бірақ оның өзі де, ата-анасы да уайым-қайғыға салынған жоқ. Керісінше, оңайлықпен берілмей, аурумен күресуді жөн көрді.Мына видеода бала дәлдікті, ептілік пен шеберлікті көрсетеді. Ол хоккей таяғымен және доппен трюк жасайды.»Бұл біздің ұлымыз Декан жасаған көптеген трюктің кейбірінің топтамасы. Дәрігерлер оған үш жасында Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы диагнозын қойып, бізге оның мүгедектер арбасына таңылуы мүмкін екенін ескертті. Біз бұл жаңалықты естігенде есеңгіреп қалдық, өйткені Декан хоккей ойынын шебер ойнайтын, сондықтан біз оның қабілетін әлемге көрсету үшін оның трюктерін камераға түсіруге шешім қабылдадық. Біз әрқашан мүмкіндік бар екенін көрсеткіміз келеді!» – дейді баланың әкесі.Ол сондай-ақ осы видеороликтердің арқасында Декан табыс таба бастап, бұлшықет дистрофиясын зерттеуге қомақты қаржы жинағанын атап өтті.