Қоғам

Тұтынушылар өз құқығын қорғау үшін тікелей сотқа шағымдана алады

Тұтынушылар өз құқығын қорғау үшін тікелей сотқа шағымдана алады

Қазақстандықтар тұтынушының құқықтары бұзылғаны туралы арыз-шағыммен тікелей сотқа жүгіне алады. Мәжілісте таныстырылған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына осындай өзгерістер енгізілген.Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, заң жобасына сәйкес тұтынушылардың арыз-шағымын қараудың қолданыстағы төрт сатылы алгоритмін өзгерту қажет.»Бірінші кезеңде тұтынушы құқығының бұзылғаны туралы тікелей кәсіпкерге шағымдануға тиіс. Егер келіссөз сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңге өтіп, міндетті түрде медиатрдың көмегіне жүгінуі қажет. Үшінші кезең – мемлекеттік органға шағымдану. Әкімшілік мемлекеттік органның жеке тұлғалардың арасында туындаған дауды шешуге өкілеттігі жоқ, себебі ол сот құзыретіне жатады. Бұл жағдай қарапайым азаматтар үшін қиындық туғызып отыр», – деді Балықбаев.Осыған байланысты заң жобасында Конституцияның ережесіне және логикаға сәйкес келмейтін бұл жүйені алып тастау ұсынылып отыр.

"Осы түзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқығын қорғау тәсілдерін еркін таңдайды. Тікелей сотқа немесе әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда заң аясында жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға шағым беру мүмкіндігіне ие болады", — деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.

Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын енгізу ұсынылды. Ол шағымдармен айналысады, кеңес береді, осы саладағы мемлекеттік мекемелерді үйлестіреді және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.Бұдан бөлек тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, байланыс, туризм, мәдениет, сауда және көлік салаларына да енгізілмек.Заң жобасы кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізуді көздейді. Яғни тұтынушының құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген жағдайда кәсіпкерге сот арқылы тұтынушының пайдасына айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10 пайызынан 50 пайызына дейін құрайды. Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым көп болады.

Онлайн сауда

Заң жобасында онлайн саудаға қатысты да жеке ереже қарастырылған.Вице-министрдің айтуынша, биыл жарты жылда (4 795 өтініш) тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен (937 өтініш) салыстырғанда 411 пайызға өскен.Осыны ескере отырып, шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.Тұтынушы заң бойынша қандай тауарларды қайтара алмайды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»