Қоғам

Зейнетақы 2023: қанша

Зейнетақы 2023: қанша

Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрайды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.»2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», — делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»