Зейнетақы туралы мәлімет — 2023/2024
«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 16,4 трлн теңге болды. Бір жыл ішінде ол 2,7 трлн теңгеге немесе 20% өсті», — делінген ресми хабарламада.Жыл басынан бері қордан берілген зейнетақы төлемдері шамамен 286,2 млрд теңге болды. Бұл соманың басым бөлігі – шамамен 132 млрд теңге тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 85 процентке төмендеді. Ал зейнет жасына байланысты төлемдер 83,3 млрд теңгеге жетті.Басқа да төлемдер:мұрагерлік бойынша төлемдер – 30,04 млрд теңге;Қазақстаннан тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 22,4 млрд теңге;мүгедектігі бар адамдарға берілген төлемдер – 1,6 млрд теңге;жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 млрд теңге;сақтандыру ұйымдарына берілген төлемдер 13,3 млрд теңге.»БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 122 теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы — 742 692 теңге», — дейді мамандар.Ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 812 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болған.