«Ливерпуль» Turkish Airlines-пен рекордтық демеушілік келісім жасады
Келесі маусымнан бастап «Ливерпульдің» бас демеушісі Turkish Airlines болады. Келісім Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең ірі болды.
«Ливерпуль» АПЛ тарихындағы рекордтық демеушілік келісімге қол қойылғанын хабарлады. Келісім келесі маусымнан бастап күшіне енеді.
Клубтың бас демеушісі Turkish Airlines әуе компаниясы болады. Мәміле сомасы жарияланбайды, бірақ дереккөздің мәліметінше, ол лиганың бұрынғы рекордтық көрсеткіштерінен асып түседі.
Бұл әріптестік клубтың халықаралық аренадағы позициясын нығайтып, оның коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
