Тоқаев: Қазақстанда 500-ге жуық сингапурлық компания жұмыс істейді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада Сингапурдың 500-ге жуық компаниясы жұмыс істейтінін хабарлады. Елдер өз аймақтарындағы ірі сауда серіктестері болып қала береді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде 500-ге жуық сингапурлық компания жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Сингапур өз аймақтарында бір-бірі үшін ірі сауда серіктестері болып қала береді.
Тоқаев елдер арасындағы ынтымақтастық инвестициялар мен технологияларды қоса алғанда, әртүрлі салаларда белсенді дамып жатқанын атап өтті.
