Қазақстанның су ресурстарының цифрлық жүйесі пайдалануға берілді
Қазақстанда 23 мыңнан астам су объектілері туралы деректерді қамтитын су ресурстарының цифрлық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға іске қосылды.
Қазақстанда су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Жоба аясында елдегі 23 мыңнан астам су объектілері туралы мәліметтер цифрландырылып, құрылымдалды.
Атап айтқанда, жүйеге 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық құрылыс туралы деректер енгізілді. Бұл су ресурстарын мониторингтеу мен басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жүйе су объектілерінің жай-күйі туралы ақпаратқа орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бұл су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ықтимал тәуекелдерге уақытылы ден қоюға ықпал етеді.
