Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда 34 есе өсті
Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есе өсті — 2020 жылы $33,5 млн-нан 2025 жылдың қорытындысы бойынша $1,142 млрд-қа дейін. 2030 жылға қарай $5 млрд-қа жету жоспарлануда.
ҚР Сунды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есе өсті: 2020 жылы $33,5 млн-нан 2025 жылдың қорытындысы бойынша $1,142 млрд-қа дейін.
Ведомство бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай $5 млрд-қа жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтеді. Экспорттың өсуі цифрлық инфрақұрылымның дамуымен және IT-секторды қолдаумен байланысты.
Министрлік мақсатты көрсеткішке жету технологияларға одан әрі инвестицияларды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талап ететінін атап көрсетеді.
