Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда $1,142 млрд-қа өсті
Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда 34 еседен астам өсті — 2020 жылы $33,5 млн-нан 2025 жылдың қорытындысы бойынша $1,142 млрд-қа дейін.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда 34 еседен астам өсті — 2020 жылы $33,5 млн-нан 2025 жылдың қорытындысы бойынша $1,142 млрд-қа дейін.
Өсу дәйекті болды: 2021 жылы экспорт $60,07 млн, 2022 жылы — $337 млн, 2023 жылы — $540 млн, 2024 жылы — $820 млн құрады.
Ведомствода бұл динамика цифрлық инфрақұрылымның дамуымен және IT-секторды қолдаумен байланысты екенін атап өтті.
