Қазақстан мен Сауд Арабиясы рейстер санын 28-ден 70-ке дейін арттырады
Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын кеңейтуге келісті. Келісім 26 тамызда Эр-Риядта қол қойылды, рейстер саны аптасына 28-ден 70-ке дейін артады.
26 тамызда Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы үкіметтері арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Құжат елдер арасындағы әуе тасымалын айтарлықтай кеңейтуді көздейді.
Келісімге сәйкес, тұрақты рейстер саны аптасына 28-ден 70-ке дейін арттырылады. Бұл жолаушылар тасымалына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және екіжақты байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Әуе қатынасының кеңеюі іскерлік сапарлар, туризм және мәдени алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Рейстер жиілігінің артуы екі ел азаматтары үшін саяхаттың қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттырады деп күтілуде.
