Инфографика

Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі

Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі

Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасыға жоғалған мүлкі үшін біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу осы апта соңына дейін аяқталады.Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің таңдауымен жаңа үй салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылады, деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.Әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, су тасқыны салдарынан 9 627 үйге зақым келген, оның ішінде 9 610 жер үй, 17 көппәтерлі тұрғын үй. 2 123 үйге техникалық тексеріс жүргізілді, нәтижесінде 1 067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1 056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.Зардап шеккен үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»