Қоғам

Аймағамбетов мектептерге салынатын айыппұл жайлы: кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті

Аймағамбетов мектептерге салынатын айыппұл жайлы: кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептер мен ауруханаларға салынатын әділетсіз айыппұлдар туралы пікір білдірді.»Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.Оның пкірінше, директорларды мектептің үш ауысымды болғаны немесе құрал-жабдықтары мен зертханалары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу – әділетсіз.»Өйткені егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсы емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі», — дейді Аймағамбетов.Депутат құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет деп санайды.Сондай-ақ ол дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыстарға тартқаны, қажетсіз есептерді талап еткені үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.Айтуынша, депутаттар тиісті түзетулерді берген.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»