Қоғам

Зейнетақы жинағын қалай алуға болады 2024

Зейнетақы жинағын қалай алуға болады 2024

2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі 2023 жылғы деңгейде қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі биыл да өзгерген жоқ. Былтырғы деңгеймен қалып отыр.© Sputnik2024 жылғы зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі2024 жылғы зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі© SputnikЖеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін болады.»Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады», — деп мәлімдеді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.Айта кетері, зейнетақы жинағын жұмсау үшін шоттағы ақша «жеткіліктілік» шегінен асуға тиіс. Қазақстандықтар зейнет жинағының артылған бөлігін баспана алуға, ипотеканы өтеуге және емделуге жұмсай алады.Жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей.Бұл ретте зейнетақы жинағының бір бөлігін бір емес, бірнеше рет алу құқығы беріледі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»