Қоғам

Астанада бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды

Астанада бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлады әкімдік.»Ауа райының нашарлауына байланысты 8 қаңтар күні екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді», — делінген хабарламада.Қала көшелерінде таңнан бері 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге тарта жұмысшы жұмыс істеп жүр.Синоптиктердің болжамынша, 8 қаңтар Астанада қатты қар жауады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус суық.Айта кетері, бүгін Абай облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды:Бородулиха ауданында барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары:Жарма ауданында 10 мектептің 1-9 сынып оқушылары, 5 мектептің 1-4 сынып оқушылары.Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқып жатыр.Бес облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»