Қоғам

Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан ақша алмайтыны рас па

Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан ақша алмайтыны рас па

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде вакциналанбаған балаларға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы жалған ақпарат тарады.Жалған ақпаратты әлеуметтік желідегі «Qaznews24″ сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі» деп аталатын аккаунт таратқан, деп жазады Stopfake.kz.Оның профилінде аккаунт шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жариялайтыны көрсетілген.»Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан берілетін төлемдерден айырылатыны туралы хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік», — делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы төлемдер Қазақстанның кәмелетке толмаған барлық азаматына олардың вакцинациялық мәртебесін ескермей есептеледі. Олардың барлығы бірдей соманы алады.Ата-аналарға немесе заңды өкілдерге ЖСН қоса алғанда, баланың жеке басын куәландыратын құжатты алу және электронды үкіметтің веб-порталындағы жеке кабинетте «балалар туралы мәліметтер» бөлімінен ақпаратты тексеру жеткілікті.Қаржы министрлігі тек ресми ақпаратқа сенуге және күмәнді дереккөздерден хабарлама таратпауға шақырды.»Ұлттық қор – балаларға» жобасы басталды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»