Қоғам

Атыраулық шенеунік 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Атыраулық шенеунік 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Антикор.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.»Ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан Қазақстан мен Ресей шекараларының шектескен учаскесінде, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін 2 100 000 теңге пара алды деп күдіктелуде», — делінген хабарламада.Тергеу жалғасып жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»