Елорда тынысы

Құтқарушылар астаналықтарға мұз үстіне шықпауға кеңес берді

Құтқарушылар астаналықтарға мұз үстіне шықпауға кеңес берді

Жаңажылдық мереке кезінде елордада күн -2 градустан +1 градусқа дейін жылынады. Бұл мұздың күрт еруіне және қалыңдығының төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауына байланысты мұз еріп, жұқаруы мүмкін.

"Осыған байланысты мұз үстінде күтпеген және төтенше жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық шараларды, ойындарды, сырғанауларды өткізбеуге кеңес берді", — делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты – оның қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі: бір адам үшін – кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін – кемінде 25 сантиметр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»