Елорда тынысы

Қандай компаниялар үлескерлердің ақшасын тарта алмайды – тізім жарияланды

Қандай компаниялар үлескерлердің ақшасын тарта алмайды – тізім жарияланды

Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.»Қолданыстағы заңнаманы елемеу арқылы жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты және т.б.) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады», — деп ескертті әкімдіктегілер.Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңымен тыйым салынады, бұл ретте Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.Әкімдік үлескерлерден барлық сұрақ бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуды сұрады. Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-04-28, 55-67-03.Үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі мына жерде.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»