Қоғам

Қаракөл көлінде аққулар қырылып жатыр

Қаракөл көлінде аққулар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында Қаракөл көлінен 506 өлі аққу табылды, деп хабарлайды Lada.kz.Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аққулардың қырылып қалғанын растады.Өлген аққулардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңарып жатыр. 5 қаңтарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 506 аққудың өлексесін тапқан.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаракөл көлінің жағасында 30 аққудың өлексесі табылғаны хабарланған болатын. Бұл факті бойынша сараптама нәтижелері жарияланды.Қаракөл көліндегі жағдайды видеоға түсірген Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өлген құстардың саны ресми мәліметке қарағанда едәуір көп екенін айтады.Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қаракөл көліндегі аққулар қоректің тапшылығынан өліп жатқанын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, аққуларды құтқару үшін құстарды тамақтандыруды шұғыл түрде ұйымдастыру қажет. Алайда бюджетте бұған қаражат көзделмеген, сондықтан басқарма демеушілер мен еріктілерді құстарды құтқаруға шақырады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»