Қоғам

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты ұрлау схемасын анықтады.Бұрынғы жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына өз шотына аударған.»Бұл ақша – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары», — деп хабарлады облыстық прокуратура.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»