Қоғам

Қытай Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді іске қосады

Қытай Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді іске қосады

Қытайдың «China Southern Airlines» әуе компаниясы 25 қаңтардан бастап Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін ашады, деп хабарлайды көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті.»Биыл 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында енгізілген визасыз режимді ескере отырып, 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.Рейстер жаңа «Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) орындалады. Жолаушыларды Airbus-A320 типті әуе кемелері тасымалдайды.Айта кетері, China Southern Airlines Қытайдың ең ірі әуе компанияларының үштігіне кіреді. Флот көлемі бойынша Азияның ең ірі әуе тасымалдаушысы және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша әлемде 6-шы әуе компания.Әуе компаниясының 650-ден астам ұшағы бар (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919). Қытайдағы және бүкіл әлемдегі 230-дан астам қалаға ұшады.Алматыдан Эр-Риядқа тікелей рейстер ашылады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»