Қоғам

ҰҚК аса қауіпті 15 қылмыстық топты ұстады – видео

ҰҚК аса қауіпті 15 қылмыстық топты ұстады – видео

Былтыр елімізде аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.«2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту кезінде топ мүшелерінен атыс қаруы, ақша, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды», — делінген хабарламада.Ведомство ақпаратынша, жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталған.Қалғандарына қатысты әлі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда, деп атап өтті ҰҚК.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»